Өзінен артылған затты басқа бір мұқтаж адамға сыйға тарту, не болмаса қаражаттай көмек көрсету де рухани бай ақыл иелеріне ғана тән жомарттық
Дегенмен, жасынан тәрбиеге көп көңіл бөлетін халқымыз үшін жатқа қажет кезде көмек қолын созу туралы жазылмаған заңы бар.
Қайырымдылық шараларынан шекарашылар ешқашан да тыс қалып көрген емес. Мұның өзін бойында адамгершілігі мен ел шетін күзетуді парызым деп білген шекара сақшыларының асыл қасиеттерінің тағы бір қыры деп қарауымызға болады. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша Департаменті бастығы полковник Арман Жұмахметовтің бастамасымен облысымызда карантиндік шараларының сейілуне байланысты, қайрымдылық үрдісі жалғасын тауып отыр. Бөтен бала болмайды қағидасын қатты ұстанатын Қостанай департаментінің жеке құрамы тағдыр талқысына ерте түскен балаларды жан жылуымен қуанту үшін оларға көмек қолын созды. «Қостанай қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне әдейілеп барған шекара сақшылары тәрбиеленуші балаларға бір күндерін арнады. Оларға бірнеше киім үтігін, азық-түлікпен, түрлі ойыншықтарды да сыйға тартты. Жастайынан өмірдің қиындығына тап болып, балалар үйін мекендеген сәбилердің жанарларынан ризашылық сезімдері байқалып тұрды.
Басқа жанға жақсы көңіл-күй сыйлау қашанда жақсылық жасаушы адамның мерейін өсіреді. Сондықтан да жетім-жесірлерге қолдан келгенше көмек қолын созу – қостанайлық шекарашылардың дәстүріне айналған шаралардың бірі.
«Қостанай қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Жанар Әлібекова ұжым атынан шекарашыларға алғысын айтты.
Манарбек ҚАРКЕНОВ,
7ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаменті, майор
Особое внимание – лошадям, которые выходят на автомобильные дороги. (далее…)
О путях передачи инфекции, современных методах лечения и важности своевременного тестирования. (далее…)
Подозреваемого уже задержали, об этом сообщает "Тоболинфо" (далее…)
Как лучше понимать своего ребенка, поддерживать его в период взросления и выстраивать отношения, основанные на…
Они достойно защитили честь Костанайской области на международном конкурсе «AgroLeague-2026». (далее…)
В Костанайской области продолжаются выезды «Каравана правовой помощи» в рамках проекта «Заң мен тәртіп» («Закон…
This website uses cookies.