Қазақтың біртуар тарихи тұлғасы

Саржетім Қарабалуан көшесі. Ол кісі кім?

Осыдан біршама уақыт бұрын өзімді бір сұрақ қызықтырған бола-тын. Мен тұратын көше Саржетім Қарабалуан батырдың есіміне қойылған.
Бірақ ол кісі кім?

Атын білгенімізбен өмірбаяны, атқарған қызметі, еңбегі жайлы білмейміз. Сол үшін Саржетім Қарабалуан Алдиярұлының қысқаша
ғұмырнамасы әрі ерліктері баяндалған мақаланы сіздермен де бөлісейін дедім. Бұл көше атауы бұрын Октябрь деп аталатын. 2015 жылы XVIII ғасырдағы жоңғар шапқыншыларына қарсы күрестің батыры Саржетім Қарабалуан Алдиярұлының есімі берілді.

Қарабалуан (Жанұзақ) Алдиярұлы 1688 жылы Қаратауда дүниеге келген. Арғын тайпасының Тоқал-Арғын атанған атасының ұрпағы. Арғын
тайпасы қазақ руларының ішіндегі ең көп және ұлы, дана адамдар шыққан ру. Қарабалуан – лақап есімі, шын аты – Жанұзақ. Әкесі
Алдияр жастай қайтыс болып, Қарабалуанды әкесінің ағасы Мадияр тәрбиелеп өсіреді. 1723 жылы Қаратаудан осы күнгі Торғай, Қостанай жеріне, ақтабан шұбырынды за-манында қоныс аударады. Саржетім, Сомжүрек, Аманжол ұрпақтарын және Шағырдың Бөлтірік ағасынан тараған балаларын Қарабалуан би мен Жәнібек батыр бастап, Торғайдың Тосыны мен Обағанның бойына тегіс орналастырады.

Солтүстіктен келген жаудан елді қорғау үшін Қарабалуан Обағанның бойынан, оңтүстіктен келген жауға соққы беру үшін Жәнібек Тосыннан
қоныс алады. Қалған елді осы Тосын мен Обаған өзені арасындағы жерлерге туыстығына қарап орнала-стырады. Бұл жаққа көшіп
келгенше Қарабалуан мен Жәнібек елін жоңғарлардан қорғап, әскер басшысы болып, бүкіл қазаққа таны-лады. 1726 жылы Орбасында
қазақтың үш жүзінің ел басшылары, батырлары бас қосып, жиын өткізді.

Осы жиынға Қарабалуан мен Жәнібек қатысып, жоңғарларға қарсы үш жүз бірігіп соғысуға шешім қабылдайды. Осы жиыннан кейін 1728
жылы Арқадағы Бұланты өзенінің бойында соғыс болып, жоңғарларға қатты соққы берген. 1730 жылы Аңырақай деген жердегі шабуылға да Қарабалуан мен Жәнібек қатысып, екінші рет калмақтардың әскерін талқандайды.

Бірақ қалмақтар соғысуын тоқтатпайды. 1732-58 жылдары арасында қазақ жеріне бірнеше рет шабуыл жасап, ақырында енді қарсы тұра алмайтындай болып жеңілді. «Көп жортқан жаудың басы жолда қалады» дегендей, 1758 жылы жоңғар мемлекеті жер бетінен біржола жойылды.Батырдың Қарабалуан аталуы 12 жасында Кіші жүздің түйебалуанын жеңгенде берілген. Тарихта да осы лақап, Қарабалуан
аты қалды. Саржетім Қарабалуан Алдиярұлы атанды. Қарабалуанның ұрпақтары да ел басқарып би, аға сұлтан, болыс болды.

Жанұзақтан Ақмалай, Жұмағұл, Меңіс, Барақ атты төрт ұл туған. Бұлардың бәрі де Орта жүз хандығында белгілі адамдар болған. Барақ Абылай ханның жасақ басшыларының бірі болып, ерлігімен аты шыққан.

Айдана АЙБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

В акимате Аулиекольского района прокомментировали ситуацию по ремонту подъездной дороги к Кушмуруну

Автолюбители высказывают недовольства из-за незавершенного ремонта дорожного полотна (далее…)

2 дня ago

В Аулиекольском районном суде скоро начнут рассматривать уголовное дело по смертельному ДТП

Прокуратурой Костанайской области утвержден обвинительный акт по уголовному делу об аварии, в результате которой погиб…

5 дней ago

В селе Аманкарагай предприниматель установил детскую площадку на родной улице за 6 млн тенге

В Аулиекольском районе произошел поистине вдохновляющий случай. Местные жители выражают безмерную благодарность бизнесмену. (далее…)

1 неделя ago

Государственная поддержка бизнеса в Аулиекольском районе: 193 миллиона тенге и новые рабочие места

В Аулиекольском районе благодаря комплексной программе развития предпринимательства уже одобрено 11 проектов, что способствует созданию…

2 недели ago

Школьный класс полиции «Жас сақшы» появился в поселке Кушмурун

Кабинет назван именем капитана полиции Азамата Кожабаева (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.