Аудандық мәдениет үйінде «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық концерті өтті.
Сахнаға көтерілген Қостанай облысы бойынша «Харекет» қайырымдылық қорының басшысы Әсия Иманғалиева өз сөзінде осы қордың негізін қалаушы әрі жетекшісі Гүлмира Мұқанқызы шиеттей бала-шағамен пәтерден-пәтерге көшіп, бір үйге зар болып жүрген жандарға қол ұшын берейік, «Әр қазақ – менің жалғызым» деген қағиданы Алланың рақымы үшін ұстанып, 1000 теңгеден жинап, баспана берейік деп ұран тастайды.
Осыдан кейін қайырымды азамат-азаматшалардың арқасында 2017 жылы қазан айында қайырымдылық қор құрылып, өз жұмысын бастайды. Осы уақыт ішінде республика бойынша 143 отбасы баспаналы болғанына тоқталды. Орта есеппен 800 бала, яғни 143 ана үйлі болды. Біздің облыс бойынша тоғыз отбасы, ал Әулиекөл ауданына осымен үшінші үй берілгелі отыр деген қуанышын жеткізді. Бұл үлкен нәтиже, ол бірінші Алланың, екінші халықтың қолдауы. Бүгінде қайырымдылық қоры халықтың жүрегінен орын алып, ең үздік қайырымдылық қор атанып, «Алтын жүрек» номинациясына ие болды. Халықтың берген 1000 теңгесі үйге мұқтаж жандарға көмек болды. Қайырымдылық шараға ат салысқаны үшін, ең бірінші, халыққа, аудан әкімдігіне, мекеме басшыларына, мәдениет үйіне, барша қайырымды жандарға алғыс білдіріп, Алла разы болсын деп атап өтті Әсия Исламқызы.
Ә.Иманғалиева өзіне инстаграмда өте көп сұрақтар қойылатынына тоқталды. Сұрақ: Қайырымдылық қоры үйді кімдерге беріп жатыр, таныстықпен бере ме? Жауап: Үй тек мұқтаж жандарға ғана беріледі. Еріктілер өздері тауып, үйді аралап, видеоға түсіреді. Сұрақ: Ақшаны қайдан алады? Жауап: Қайырымдылық деп аты айтып тұрғандай, зейнеткерлер, жалпы тұрғындар дүкендерде қойылған жәшіктерге садақаға салады. Сол қаражаттан жиналған ақшаға мұқтаж жандарға баспана алынады.
Сұрақ: Екі-үш баласы бар жас отбасыға неге көмектеспейсіздер, үй неге алып бермейсіздер? Жауап: Қайырымдылық қоры ешкімге ақша бермейді, мақсат – тек мұқтаж отбасыларға ғана баспана алып беру. Еріктілер тобы мұсылман календарлары мен пакеттер сатады, содан түскен ақша баспана алуға жұмсалады. Сондай-ақ, республикалық қайырымдылық қорының Әулиекөлдегі еріктілері Гаухар Аязбаева, Нұрымжан Милақатов, Гүлшат Ахметовалар үй-үйді жаяулап аралап, үйге мұқтаж отбасыларды анықтайды.
Сөз алған еріктілер тобының мүшесі Г.Аязбаева Әулиекөл ауданынан алты отбасының тізімін жасап, видеоға түсіріп, оны Алматыдаға бас офиске жібергенін айтты. Соның ішінен баспана үш балалы ана Анар Хидироваға бұйырды. Шашу шашылды. Гаухар Ержанқызы қуаныш иесі Бейбарысқа үйдің кілтін тапсырып, іші құт-берекеге толып, үлкен азамат болып өссін деген тілегін білдірді. Бүгінде науқастанып қалған Бейбарыс Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің 4 сынып оқушысы. Оған ота жасалу үшін көп қаражат керек. Бейбарыстың атына есепшот ашылды. Ел болып жүрегі кең, алақаны ашық жерлестерін қайырымдылық жасауға үндеу тастады.
Қуаныштан көзіне жас алған Анар Хидирова жақсылықтарыңыз Алладан қайтсын, бақытты болыңыздар, әрқашан жақсы істеріңізбен біз сияқты жандарды қуанта беріңіздер деп шын жүректен шыққан алғысын айтып, Алла разы болсын, садақаларыңыз қабыл болсын деді.
Бұл күні «Харекет» қорына белсенді атсалысқаны үшін бір топ мекеме басшылары, жеке кәсіпкерлер Алғыс хатпен марапатталды. Бұдан кейін көпшілік назарына «Молда мен шәкірт» қойылымы ұсынылды. Жергілікті өнерпаздар күмбірлетіп күй тартып, жүрекке қонымды әндер сыйлап, бишілер өнерімен тәнті етті.
Сөз соңында, Алланың берері таусылмасын, берекесі артып, қуанышты сәттер көбейе берсін, құтты болсын демекпіз.
Автолюбители высказывают недовольства из-за незавершенного ремонта дорожного полотна (далее…)
Участниками мероприятия стали более 1000 учащихся и педагогов региона (далее…)
Прокуратурой Костанайской области утвержден обвинительный акт по уголовному делу об аварии, в результате которой погиб…
В Аулиекольском районе произошел поистине вдохновляющий случай. Местные жители выражают безмерную благодарность бизнесмену. (далее…)
В Аулиекольском районе благодаря комплексной программе развития предпринимательства уже одобрено 11 проектов, что способствует созданию…
Кабинет назван именем капитана полиции Азамата Кожабаева (далее…)
This website uses cookies.