Үстіміздегі жылдың нурыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің қолдаумен ҚР ҰҚК Шекара қызметін реформалау ісі қолға алынған болатын
Осыған орай, ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша Департамент басшысы полковник Арман Жұмахметов мырзаны шекара қызметінде енгізілген өзгерістер туралы айтып өтуін сұраған едік:
ҚР ҰҚК Шекара қызметіндегі өзгерістің негізгі мақсаты: бүгінгі күні әлемде орын алып жатқан түрлі жағдайларды ескере отырып, құрылымға заман талабына сай өзгерістер енгізу. Нәтижесінде еліміздің шекараға жақын орналасқан облыстарында жекелеген Департаменттер құрылды. Шекара заставалары мен комендатуралары бөлімшелер мен бөлімдер болып өзгертілді.
Шекараны күзету қызметіне вахталық әдіс енгізілуде. Қорытындысында шекарашылардың жеке құрамының саны көбеюде. Аталмыш қызмет атқару моделі қырағы қызмет сапасының артатындығын дәлелдеді.
Бұл ретте, Шекара қызметінің жедел-әскери түрге көшуі қарастырылған. Жеке құрамының саны артқан шекарашылардың қазіргі заманда орын алуы мүмкін түрлі қауіпке жоғары деңгейде тойтарыс беруге қабілетті болады. Осыған байланысты, шекараға жақын аудандардағы шекаралық режимнің жағдайын бақылау күшейді.
Қорыта келгенде, ел шекарасының тыныштығын күзету ісінің бел ортасында жүрген әскери қызметшілердің жауапкершілігі көбейіп, саны артпақ. Қазақстан Республикасының 16 қаңтар 2013 жылғы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңына сәйкес, шекарамызды құзырлы органдармен біріге күзету ісін жалғастыра береміз.
Сонымен қатар, облысымыздың барлық жастарын ҚР ҰҚК Шекара қызметіне әскери қызметке келісімшарт негізінде қызметке орналасуға шақырамын. Ол үшін ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша Департаментіне хабарласса болғаны.
Манарбек Қарекенов,
ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша Департаменті, майор
Мероприятие прошло в рамках Наурызнама и стало настоящим праздником красоты, традиций и женственности, объединив талантливых…
В преддверии важного события им исполнилось 18 лет. (далее…)
Лауреаты национального конкурса «Мерейлі отбасы» Эгамбердиевы сделали свой выбор. (далее…)
Обладательницей высокой награды стала Альмира Жансугурова. (далее…)
На татами вышли мальчики 2015–2016 годов рождения и девочки 2014–2015 годов рождения, готовые показать силу,…
Она была организованная Молодежным ресурсным центром совместно с волонтерами школы-гимназии имени С.Баймагамбетова. (далее…)
This website uses cookies.