Облыстық мешітте имамдардың қатысуымен алқалы жиын өтті.
Үстіміздегі ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2024 жылды «Ислам және дәстүр құндылықтары» жылы деп жариялады.
Осы орайда ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша бас имамы Бақытбек қажы Тәжімбет қалалар мен аудандық мешіттің бас имамдарымен алқалы жиын өткізіп, Бас мүфтидің осы бағытты дамытуға берген тапсырмаларын атап өтіп, бір жылдық жоспар бекітілді және бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, нәтижелі жұмыс жасаулары керектігіне тоқталды.
Биыл облыста алғаш рет үздік жыл имамы, уағызшы, ер ұстаз, әйел ұстаз, қалалық және аудандық мешіт, намазхана, үй баптаушы деген номинациялар тағайындалды. Біздің Әмит ишан мешіті аудандар арасында «Үздік мешіт» деп танылды.
Облыстың бас имамы Бақытбек қажы Нұрғабылұлы Нұрбол қажы Исламұлына асыл дініміздің абыройын асқақтату жауапкершілігін терең сезініп, сауапты істерге белсенді атсалысып келе жатқаны және ел игілігі үшін жасап жүрген ізгілікті істеріне Жаратқан Иеміз әрқашан жар болып, мерейіңізді үстем етсін деген алғысын білдіріп, сертификатпен марапаттады.
Сәніне сәулеті жарасқан, іші кең де жарқырап тұрған Әмит ишан мешіті көркейіп, зәулім мешітіміз жамағатқа толы болсын. Нұрбол қажыға дін-ислам жолындағы қажырлы еңбегіңіз жанып, соңыңыздан көп дін-жанашырлары ерсін деген тілегімізді білдіреміз!
Жұмакүл ХАКІМЖАНҚЫЗЫ
Сурет аудандық мешітінен берілді
Пожар не предупреждает о своем приходе. (далее…)
Праздничное мероприятие ко Дню учителя в Аулиекольском районе началось необычно. (далее…)
Чествование состоялось во Дворце молодежи «Жастар». На него пригласили более 300 человек со всей области.…
В первый день октября, когда особенно хочется сказать слова благодарности старшему поколению, аким Аулиекольского района…
22-летний уроженец Аулиекольского района выступал в финале в весовой категории до 85 кг и показал…
В подростковом возрасте вопросов становится все больше, а говорить о некоторых из них бывает непросто.…
This website uses cookies.